Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 тәулікке қамалды

Тергеу сотының қаулысы бойынша Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты бұлтартпау шарасын кепілден 10 тәулік мерзімге күзетпен ұстауға өзгертуге санкция берілді, — делінген хабарламада.

Аталған тұлғалар қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі бойынша Алматы қалалық полиция департаменті тергеу басқармасы тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылған еді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Mudaraban Capital қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы қамауға алынғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Аталған іске қатысы бар деген күдікпен Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов күдікті ретінде ұсталды. Кейін тергеу соты екеуіне қатысты «кепілмен босату» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.