Тоқаев Ресейге және Әзірбайжанға барады

19 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочи қаласына (Ресей Федерациясы) жұмыс сапарымен барады.

Сапар барысында Қазақстан мен Ресей басшылары кездесіп, екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылайды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар 24 тамызда мемлекет басшысы Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады.

Әзірбайжан астанасында екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мән беріле отырып, қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады, — делінген хабарламада.