Хирургтер неге көк халат киеді?

Ақ халатты абзал жандардың арасында хирургтер ерекше киім үлгісімен көзге түседі. Ота жасау бөліміндегі мамандардың жасыл немесе көк халат киіп жүруінің де өзіндік мәні бар. Қарапайым жұртшылық үшін мән бермейтін дүние болып көрінгенімен, арнайы білімі бар дәрігерлер үшін оның маңызы зор.

Бұрынғы уақытта Гиппократқа ант берген мамандардың барлығы дерлік ақ халатпен жүретін болған. 1914 жылы әлемдегі ең мықты хирургтардың бірі мұндай жамылғыны киюден бас тартады. Алғашында мұның мәнісін ешкім түсінбегенімен, кейіннен барлық дәрігерге мәлім бола бастаған. Ота жасау кезінде дәрігердің қарамағындағы адамдардың біріне науқастың қаны тамса, жарықпен үйлескен ақ халат хирургтың көзін бір сәтке аштырмай тастайды екен. Ал, өлім мен өмірдің арасындағы арпалыста әрбір секундтың өзіндік маңызы бар.

Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдердінде дәрігерлер жасыл немесе көк түсті халат киеді. Ал, мейірбике немесе емханадағы дәрігерлер ақ халаттарын әлі күнге дейін тастамаған.

ДереккөзMassaget.kz