Осылайша, Қазақстандағы оқу аптасы 36 аптаға созылады.
Жаздың бірінші күнінен бастап оқушылар дәстүрлі жазғы демалыстарына шығады. Жаз айлары толығымен балалардың демалыс айы бола береді. Жазғы демалыстың ұзақтығы білім саласындағы көшбасшы елдермен салыстырғанда, ең ұзақ — 92 күн болып отыр. Жалпы бір оқу жылында балалардың төрт рет каникулға шығуын қарастырдық. Оған қоса, демалыс және мереке күндерін есептегенде балалар жыл бойы 192 күн демалыс, 173 күн мектепке барады, — деді Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында.
Cонымен бірге 1-класс оқушылары тек қазақ тілінде оқиды. Орыс тілін екінші кластан бастап оқиды. Ал орыс тілді мектептердің 1-класынан бастап қазақ тілі мен орыс тілін оқыту туралы шешім қабылданған. Ағылшын тілі мектептердің бәрінде үшінші кластан басталады.