Алматыда зейнеткер атынан заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Ведомство мәліметінше, К. есімді азаматша қарттың сеніміне кіріп, оның жеке деректерін пайдалана отырып атынан 900 мың теңгеге тауарлы несие рәсімдеген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол ақшаның қажеттілігін алға тартып, істеген ісін бірден мойындады. Осы дерек бойынша ҚР қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Айта кетейік, күдікті бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.