Елімізде шағын несие бойынша шекті мөлшерлеме төмендеуі мүмкін

Ұлттық банк қаулысына енгізілетін өзгерістер жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

Жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру шарты бойынша сыйақының ең жоғары мөлшері берілген микрокредит сомасының 20% мөлшерінде белгіленсін, — делінген құжаттың салыстырмалы кестесінде.

Қаулының қазіргі редакциясына сәйкес, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген шағын несие беру шарты бойынша шекті мөлшерлеме 25% болып белгіленген.

Құжатта бұл бастама берілген шағын несиелер бойынша «қарыз алушылардың борыштық жүктемесін шектеу» мақсатында жасалғаны нақтыланған.