Бұл композиция YouTube-тағы Super Deluxe комедиялық тобының арнасында жарияланды.

«Біз Трамптың твит-жазбалары 2000-жылдардың басындағы эмо-әндердің мәтініне қатты ұқсас екеніне назар аудардық. Бізге осы ұқсастық шабыт берді», — дейді Super Deluxe тобының өкілдері.

Әннің мәтініне Трамптың баспасөз тарапынан сынға шағымдану және Мерил Стрипті Голливудтың ең жоғары бағаланған актрисасы деп атауы арқау болған.

Эмо — 1980-жылдардың ортасында пайда болған рок-музыка стилі, ол ерекше эмоционалды сипаттағы хардкор-панк.

ДереккөзInform.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!