Еліміздегі жол сапасы нашар өңірлер аталды

Биыл жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын бақылау барысында 9 мыңға жуық сынама алынды, оның 2,5 мыңы, яғни 28% талапқа сай емес, — деді Қайырбек Өскенбаев.

Ведомство баспасөз қызметі жол сапасы бойынша талапқа сай келмейтін өңірлерді атады:

  • Шымкент — 71%;
  • Маңғыстау облысы — 61%;
  • Алматы — 56%
  • Шығыс Қазақстан облысы — 49%;
  • Батыс Қазақстан облысы — 43%;
  • Түркістан — 40%.

Министрдің айтуынша, ескертулерге қарамастан, тапсырыс берушілер нысандарды пайдалануға қабылдап жатыр. Кейбір өңірде мұндай деректер бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына қарамастан, Батыс Қазақстан облысында жол жағдайы төмен. Былтыр жыл аяғында облыстағы жолдардың нормативтік жағдайы 39% болса, орташа республикалық көрсеткіші 80% болған. БҚО әкімдігі биыл 2,6 миллиард теңге бөлді, бұл жалпы бюджеттің 10%-і, ал қажет қаржының 30%-і, — деді министр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да