ҚР бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметінің басшысы тағайындалды

Бас прокурордың 2022 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Сағиев Елдос Әлиханұлы бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің басшысы болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Сағиев еңбек жолын 2002 жылы Ақмола облысының прокуратура органдарында бастаған. Тергеу жұмысында тәжірибесі мол. Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі — 18 жыл. Қарағанды, Қостанай облыстарының қаржы полициясы органдарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде басшылық лауазымдарды атқарған.

Маңғыстау, Қостанай облыстары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменттерін басқарды. Осы қызметке тағайындалғанға дейін бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары болған.