Абай және Ұлытау облыстарының ТЖД бастығы тағайындалды

Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығымен полковник Шапағатов Манарбек Қайыргелдіұлы Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды. Оның кандидатурасы президент әкімшілігімен келісілді, — делінген хабарламада.

Манарбек Шапағатов 1975 жылғы 3 ақпанда Көкшетау облысының Еңбекшілдер ауданында туды.

1995 жылы ішкі істер министрлігі Алматы өрт-техникалық училищесін, 2005 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын тәмамдады. Мамандығы өрт қауіпсіздік инженері.

Құқық қорғау органдарында 1992 жылдан бастап қызмет атқарады. Өз қызметін Көкшетау облысының Щучье ауданы мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің инспекторы лауазымынан бастады. Қызмет атқарған жылдары әртүрлі басшылық лауазымда қызмет өткерді.

2015 жылдан бастап Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығымен полковник Байыров Есен Әлмұханбетұлы Ұлытау облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды. Оның кандидатурасы президент әкімшілігімен келісілді, — делінген хабарламада.

Есен Байыров 1974 жылғы 22 сәуірде Жезқазған облысының Ақадыр ауданында туған.

2005 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 2011 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын тәмамдады. Мамандығы өрт қауіпсіздік инженері.

Құқық қорғау органдарында 1998 жылдан бастап қызмет етеді. Өз қызметін Астананың мемлекеттік өртке қарсы қызметі № 19 өрт сөндіру бөлімінің кіші инспекторы лауазымынан бастады. Қызмет атқарған жылдары әртүрлі басшылық лауазымда болған.

2020 жылдан бастап Нұр-Сұлтан төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.