Бірінші класқа құжаттарды қабылдау 1 тамызда аяқталады

Бірінші класқа қабылдау бойынша 400 мыңнан астам өтініш түсті. Биыл мектепке баратын балалардың 70% қазақ тілінде білім алуды таңдады. Қалғандары орыс, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқуды жоспарлап отыр.

Ал, құжаттарды қабылдау мерзімі — 1 сәуірде басталып, 1 тамызда аяқталады. Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін министрлік бұл қызметті автоматтандырды. Яғни, құжаттар eGov порталы арқылы қабылданады. Сонымен қатар құжаттарды қағаз түрінде де қабылдау қатар жүреді, — деп атап өтті Нәзира Әбдірахманова.

Баланы мектепке беру үшін қажетті құжаттар:

  • ата-ананың өтініші;
  • туу туралы куәліктің көшірмесі;
  • № 063/у және 026/у форматындағы денсаулық анықтамалары;
  • 2 дана 3х4 өлшеміндегі фотосуретi.

Егер ата-ана өтінішті eGov порталы арқылы беретін болса, онда аталған құжаттардың жалпы жүктемесі 5 мегабайттан аспауы тиіс.