Алматыда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені сүріледі

Ведомство мәліметінше, бұл тұрғын үй кешені Наурызбай ауданындағы «Ақжар» шағынауданында салынып жатыр.

Бұған дейін нысанда тексеру жүргізілді. Тапсырыс беруші ҚР ӘҚБтК-нің 316, 321 және 463-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап сотқа жіберілді. Талап қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енуі керек, — деді басқарма өкілдері.