Нұр-Сұлтанда маркетингтік компанияның атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды

Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары түрлі сипаттағы инвестициялық бағдарлама келісімдерін жасап, тұрғындарға ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынған.

Бұл ұйым өзін портфельдік инвестиция және қаржылық кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық және аналитикалық компания ретінде көрсеткен, — делінген хабарламада.

ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері жария етілмейді.

Агенттік қазақстандықтарды қырағы болуға және күмәнді қаржы институттарына қаржы құймауға шақырды.