Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
21 шілде күні Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімі 4 айға дейін ұзартылды. Қамау мерзімі — 2022 жылдың 21 тамызына дейін ұзартылды, — делінген хабарламада.
Еске салайық, Қайрат Құдайберген 22 сәуірде ұсталған болатын. Артынша, прокуратура алматылық мәслихат депутаты Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінгенін растады.
