Қайрат Құдайберген бір айға қамауға алынды

Материал түсті. Тергеу 30 тәулікке қамауға алу туралы өтініш жасады. Сот өтінішті қанағаттандырды. Қалған сұрақтар бойынша тергеу органдарына жүгіну керек, — деді ведомство өкілдері.

Еске салайық, 22 сәуірде Алматы мәслихатының депутаты, блогер Қайрат Құдайбергеннің қаңтар оқиғасы бойынша күдікті ретінде ұсталғаны хабарланған еді.

Кейін оның қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғаны, азаматтарды Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) айналысына бірігуге үндегені белгілі болды.