Басты бетЖаңалықтарАқтөбе облысында...

Ақтөбе облысында жанармай құю бекетінде жарылыс болды

Жексенбі, 17 шілде кешке әлеуметтік желілерде жанармай құю бекеті жалынға оранып жатқаны түсірілген видео тарады.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, Алғадағы Абай көшесі бойында орналасқан «ЛиманГаз» жанармай құю бекетінде жарылыс болған.

Жанармай құю бекетінде сыйымдылығы 46 текше метр болатын екі цистерна жарылған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші пультіне хабарлама 17 шілдеде сағат 18:50-де түскен. Құрамында 26 адам мен 7 техника бар қызметкерлер жедел түрде шақырту орнына жетті, — деді департамент өкілдері.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт аймағынан екі техника мен көлемі 10 және 54 текше метрлік екі контейнерді шығарды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт 19:44-те оқшауланып, 20:02-де толық сөндірілді, — делінген хабарламада.