2017 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 47 мың жер учаскесі беріледі

«Жер беріледі. Бірақ ол жерге инженерлік желілер тартылуы қажет. Елбасының тапсырмасы бойынша жыл сайын 80 млрд теңге сол инфрақұрылымды тартуға бөлініп жатыр. Ондай қаржы бірінші рет беріліп отыр. Биыл ол қаражаттың көлемі 80 млрд-тан көп, 86 млрд берудеміз. Ақшаны әкімдіктерге үлестірдік. Енді, олар инженерлік желілерді тартып, халыққа беруі керек», — деді Мархабат Жайымбетов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Өткен жылы 100 млрд-тан астам қаржы бөлінген. Осы ақшаға 110 мың жер учаскесіне инфрақұрылым тартылуы қажет.

«Енді, сол 110 мың учаскенің шамамен 53 мыңы — бұрын берілген жерлер (ол жерлер инженерлік желілерсіз берілді). Ал 47 мың жер учаскесі жаңадан жасақталуы шарт. Биылға тағы 86 млрд. теңге, сөйтіп ағымдағы жылы ол жұмысты (жаңа учаскелерді жасақтауды — авт.) аяқтайды. Осылайша, біздің жоспарымызға сәйкес, республика бойынша жыл сайын 42 мың жер учаскесі таратылады. Ал алдағы 15 жылдың ішінде 630 мыңдай учаске берілетіні күтілуде. Биыл әкімдіктер жаңағы айтқан 47 мың жер учаскесінің инфрақұрылымын аяқтауы тиіс. Енді, қаржы бөлінсе, одан да көп болады», — деп атап көрсетті комитет басшысы.

ДереккөзInform.kz