Шавқат Рахмонов MMA рейтингінде үздік ондықтан көрінді

Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.

Жаһандық рейтингтің жаңартылған нұсқасын MMAFighting порталы ұсынды. Рейтингке UFC, Bellator, ONE FC және топ-лигадағы спортшылар кіреді. Шавқат Рахмонов бұған дейін тізімде 13-орында болса, қазір 8-орынға көтерілді.

ММА жартылай орта салмақ рейтингі:

  1. Камару Усман
  2. Колби Ковингтон
  3. Хамзат Чимаев
  4. Леон Эдвардс
  5. Гилберт Бернс
  6. Белал Мухаммад
  7. Ярослав Амосов
  8. Шавқат Рахмонов
  9. Висенте Луке
  10. Шон Брэди
  11. Стивен Томпсон
  12. Майкл Кьеза
  13. Логан Сторли
  14. Роберто Солдич
  15. Кевин Холланд

Еске салайық, Шавқат Рахмонов кейінгі жекпе-жегін 26 маусымда Лас-Вегаста өткізіп, америкалық Нил Магниді мерзімінен бұрын жеңген болатын. Спортшы үшін бұл 16-жеңіс болды.