Шавқат Рахмонов UFC-дегі төртінші жеңісіне жетті

Ол Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC on ESPN 38 турнирінде қарсыласы америкалық жекпе-жек шебері Нил Мэгниді (26-8) жеңді.

Жекпе-жек үш раундқа есептелген, алайда Рахмонов қарсыласына қарсы тұншықтыру әдісін сәтті пайдалана білгеннен кейін айқас екінші раундта аяқталды.

Осылайша Шавқат Рахмонов кәсіби мансабындағы он алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, жеңіліп көрмеген спортшы атағын сақтап қалды. Нил Мэгни тоғызыншы рет жеңілді.