Басты бетЖаңалықтарМысырлықтар неліктен...

Мысырлықтар неліктен АҚШ долларын жаппай өткізіп жатыр?

«Бұған басты себеп елде ұлттық валюта — мысырлық фунттың нығая түсуі», — дейді сарапшылар. «Әл-Ахрам» газетінің деректеріне сай, долларды жинақтау валютасы ретінде пайдаланудан бас тартып жатқан азаматтардың саны күн санап өсуде. Мұнша көп адамның АҚШ долларынан бас тартуы америкалық валютаның одан сайын құлдырауына әкеп соқтыруда, ал сұраныс жоқтың қасы.

Сондай-ақ, сарапшылар мысырлық фунттың өсуі Мысырдағы экономикалық жағдайдың тұрақталғанын білдірмейтінін айтып, асықпауға кеңес беруде. Мысыр экономикалық зерттеулер форумының басшысы Рашад Абдудің түсіндіруінше, жергілікті валюта бағамының өсуі экономика мен қаржы туралы жеткілікті біле бермейтін қарапайым азаматтардың  позитивті болжамдарынан болуы мүмкін.

ДереккөзInform.kz