Қазақстанда «Көк кит» суицидке итермелейтін ойыны бұғатталды

«Наурызбай аудандық сотының шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында балаларды суицидке насихаттайтын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуға тиым салынды», — дейді Наурызбай ауданы баспасөз қызметінің өкілдері.

Іс материалында «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Синий кит/хочу в игру/тихий дом/море китов/я в игре» топтары бар.

Еске салайық, «Отбасы және отбасылық құндылықтарды қолдау бойынша қазақстандық ата-аналардың қауымдастығы» республикалық қоғамдық ұйымы бұл ойындар балаларды суицидке итермелейді деп тауып, азаматтарды балаларын қауіпсіздендіруге шақырған еді.

ДереккөзTengrinews.kz