Басты бетЖаңалықтарОтбасы туралы...

Отбасы туралы мәліметтерді eGov мобайл қосымшасы арқылы түзеуге болады

Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қоғаммен байланыс басқармасы хабарлады.

Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде отбасы туралы қате мәліметтер анықталуы мүмкін. Мәселен, бала көрсетілмейді немесе бөтен баланың ақпараты пайда болады. Мұндай жағдайларда АХАЖ ақпараттық жүйесіндегі деректерді өзгерту қажет. Өзгертулерді мекемеге бармай-ақ, eGov.kz арқылы енгізуге болады. Енді бұл сервис eGov мобайл қосымшасында да қолжетімді, — дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

eGov mobile қосымшасында бұл функцияларды пайдалану үшін:

  • қызметтер қойындысын ашу;
  • қызметтер каталогында «Туу, неке және өлім» — АХАЖ АЖ «мәліметтерді өзектендіру»;
  • акт жазбасының түрін таңдау;
  • «іздеу» түймесін басу;
  • егер деректер көрсетілмесе, «мәліметтерді өзектендіру» батырмасын басу қажет (егер деректер көрсетілсе, «өзекті мәліметтер» батырмасын басу қажет);
  • әрі қарай қызметке қол қою керек.