2-4 шілде күндері жел соғып, жаңбыр жауады

Республиканың басым бөлігіне Оңтүстік циклон ықпал етеді. Сондықтан 2 шілдеде батыста, 3 шілдеде солтүстік-батыста, 4 шілдеде оңтүстікте және орталықта қатты жаңбыр, бұршақ, жауады.

2 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында солтүстіктен, солтүстік-батыстан күші секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында найзағай ойнайды, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады.

Бүгін Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстік, орталық бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау облысының да солтүстігінде қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл болады, — деп жазды ведомстводан.

Таразда бүгін 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. 1-2 шілдеде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысына тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, Айта кетейік, Қызылорда облысының – Жалағаш, Арал, Шиелі, Қазалы және Қармақшы аудандарында, Маңғыстау облысының – Бейнеу және Маңғыстау аудандарында, Атырау облысының – Махамбет, Жылыой, Құрманғазы және Балықшы аудандарында шілде айының бірінші онкүндігінде атмосфералық құрғақшылық болады.