Маусымдағы инфляция жылдық есеп бойынша — 14,5%, бір айда 1,6% болған. 2022 жылғы маусымда азық-түлік бағасы былтырғы маусыммен салыстырғанда, 19,2% өсті, — делінген хабарламада.
Азық-түлік нарығында құмшекер 78,7%, қырыққабат 72,4%, пияз 69,3% өскен. Картоп бағасы 9,8% төмендеген.
Бюро азық-түлік емес тауарлар бағасының өсуі 2022 жылғы маусымда 2021 жылғы маусымға қарағанда 13,2% болғанын атап өтті.
Жеке пайдаланылатын тауарлардың бағасы — 23%, тазалық құралдарына — 20,8%, тұрмыстық құралдарға — 19,7%, құрылыс материалдарына — 18,6%, жиһаз бен үйдегі керек-жараққа — 18,2%, автомобильдерге — 15,1%, ыдыс-аяққа — 13,9%, тоқыма бұйымдарына — 10,8%, фармацевтикалық өнімге 9% көтерілген, — деді ведомство өкілі.
Ақылы қызмет бағасы бір жыл ішінде 9,2% өскен.
Қоғамдық тамақтандыру қызметіне баға деңгейі — 15,9%, денсаулық сақтау саласына — 14,7%, шипажайларға — 13,7%, кешенді демалысты ұйымдастыруға — 13,2%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметіне — 12%, қонақүйлерге — 5,7% өсті. Жолаушылар көлігі қызметі 4% қымбаттады, — деді бюро өкілі.
ТКШ саласында электр энергиясына тарифтер 7,5% өскен, қоқыс шығаруға — 2%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға — 1,4% өсті, ал орталық жылытуға — 2,3%, ыстық суға 0,9% төмендеген.