ҰҚК Қазақстанға дәрі-дәрмек әкелетін контрабандалық арнаны жойды

24 маусымда ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу аясында жалған өндіріске қажетті шикізат ретінде көрсетілген дайын дәрілік заттарды ірі көлемде (таблетка түрінде) шетелден контрабандалық жолмен жеткізетін арна жойылды, — делінген хабарламада.

Онкологиялық ауруларды емдеу үшін медициналық мекемелерге жіберілетін коммерциялық ұйымдарға арналған контрафактілік өнімдердің үлкен партиясы айналымнан алынды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.