Басты бетЖаңалықтарИндустрия және...

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Алмаз Серікболұлы Ыдырысов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, — делінген хабарламада.

Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы жол жұмысшысы болып бастады.

2005-2006 жылдары — «Қазақавтожол» ЖШС техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманы;

2006-2014 жылдары — ҚР көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында қызмет еткен;

2014-2016 жылдары — «Қазавтожол» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары;

2016-2019 жылдары ҚР инвестициялар және даму министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда;

2019-2022 жылдары — ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары — ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары;

2022 жылдың сәуірінен бастап ҚР ИИДМ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы — ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болған.