Елімізде бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс тіркелді

Бір апта ішінде 2 948 қылмыс жасалды, оның 1 864-і тәулік ішінде ашылды, — деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 4 кісі өлтіруге қатысты қылмыстың бетін ашты. Сонымен қатар 7 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 1 қарақшылық, 37 тонау және 465 бөтеннің мүлкін ұрлау оқиғасы анықталып, осы қылмыстардың мән-жайы белгілі болды.