Тоқаев Ашхабадта Каспий маңы елдері басшыларының саммитіне қатысады

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізеді;

29 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий маңы елдері басшыларының Ашхабадта (Түрікменстан) өтетін алтыншы саммитіне қатысады;

30 маусымда президент Ақорда резиденциясында реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізеді.