Қасым-Жомарт Тоқаев Матео Мекаччиге ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен арадағы қарым-қатынасты нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.
Оның айтуынша, бұл құжат еліміздің бюромен тығыз серіктестікті дамытуға дайын екенін және ЕҚЫҰ құндылықтарына бейілділігін растайды. Қасым-Жомарт Тоқаев бюро директорына Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері жөнінде айтты. Матео Мекаччи ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаевпен қызметтес болған кезеңді және бұдан бұрын Қазақстанға келген сапарларын ықыласпен еске алды.
Бюро директоры Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға әзір екенін атап өтіп, елімізбен өзара белсенді іс-қимылдың даму барысына көңілі толатынын айтты.
Сонымен қатар ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды қолдайтынын және Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының маңызды серіктесі екенін атап өтті.