«Полиция ұстанымын өзгертуі керек». Тоқаев құқық қорғау жүйесінің реформасы туралы

Бұл өзгерісті халықтың қолдауымен ғана табысты жүзеге асыра аламыз. Референдумның нәтижесі бағдарымыздың дұрыс екенін көрсетті. Алдымызда ауқымды жұмыс бар. Басты міндет – полицияның ұстанымын өзгертіп, жұмыстың жаңа үлгісіне көшу. Бұл – негізгі мақсат азаматтармен тығыз жұмыс істеп, қылмыстың алдын алу деген сөз. Құқық қорғау органдарының жұмысы –  ауыр әрі қатерлі. Бұл саладағы әрбір маманның қызметі маңызды. Халқымыздың бейбіт өмір сүріп, өз елінің болашағына сеніммен қарауы – сіздердің адал қызметтеріңізге байланысты.  Жұрт өздеріңізге үміт артады. Қауіпсіздігімізді қорғайды деп сенеді.  Сіздер осы сенімді ақтап келесіздер. Құқық қорғаушылардың еңбегі қашанда жоғары сый-құрметке лайық, — деді мемлекет басшысы Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде.

Тоқаев қажырлы еңбегі үшін барлық тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді.