Басты бетЖаңалықтарАқжарқын Тұрлыбайдың...

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі: Нигерия азаматы Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін

Бұл туралы ведомоствоның баспасөз қызметі хабарлады.

20 маусымда Нигерияда интерполдың Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігіндегі ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 259-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс (есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Адиндо Нонсо Фортуне ұсталды.

Қазіргі уақытта оны қамауда ұстау және Қазақстанға одан әрі экстрадициялау туралы процестік шешім қабылдау мақсатында қажетті материалдар интерполдың Нигерия ҰОБ-на жолданды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбет қорғауындағы қазақстандықтың Қытайға сапарын ұйымдастырды деп күдікке ілінген нигериялықтың ұсталғаны туралы айтқан болатын.