Басты бетҚоғамБиыл Талдықорғанға...

Биыл Талдықорғанға 17,2 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған

Бүгінде қаланың қорына 17,2 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылған.

Биыл маусым айында «Айсулу» тігін фабрикасы іске қосылды. Жаңа 100 жұмыс орны ашылды. Ал, тамыз айында «BARS TECHNOLOGIES» ЖШС газ блоктарын шығаратын зауытты іске қосу жоспарлап отыр,- деді қала әкімі журналистермен өткен баспасөз мәслихатында.

Әсет Масабаевтың айтуынша, 800 миллион теңге инвестициямен, 80 жұмыс орны ашылады.

Күзде «Алмаз керамикс» ЖШС керамикалық плиталар өндіру зауытын кеңейту жоспарланып отыр. Сонымен қатар қазан айында аккумуляторлар шығаратын зауыты іске қосылмақ,- деді Әсет Масабаев.

Оның айтуынша, 2023 жылы  астық қоймасын, керамикалық және қаптау кірпіштерін шығаратын зауыт, автоклавты газоблоктарды өндіретін өнеркәсіп ашу жоспарланған.