Араға ширек ғасыр салып облыс мәртебесін қайта алған Ұлытау өңірінде ҚР президенті жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді. Кеше мемлекет басшысының жарлығымен ҚР президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына құрамы жағынан одан да ауқымды Ұлттық құрылтай институты құрылатыны ең алғаш ресми түрде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16 наурыздағы халыққа жолдауында айтылған болатын.
Ұлттық құрылтайдың қайтадан құрылымдалған Ұлытау өңірінде өтетіні 6 маусымда белгілі болған.
Ұлттық құрылтайдың қазіргі құрамында мәжіліс депутаттары мен ҚХА мүшелерінен, азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдерінен, сарапшылар мен өңірлердегі қоғамдық кеңес мүшелерінен, кәсіпкерлерден жасақталған 117 адам бар.