Басты бетЖаңалықтарШәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның еңбек ері» атағы берілді

Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның еңбек ері» атағы берілді

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын, — делінген жарлықта.

Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келіп, 1992 жылдың 29 ақпанында қайтыс болды. Шәмші Қалдаяқов артынан 300-ге жуық ән жазып қалдырды.