Тест: Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов туралы не білесіз?

15 тамыз күні Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толады. Осыған орай Baribar.kz әйгілі композитордың өмірі мен қазақ өнеріне қалдырған мұрасын еске түсіргенді жөн көрді. Қазақ вальсі королінің ғұмырынан қаншалықты хабардарсыз?

Шәмші Қалдаяқов
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов
0%

Дінмұхаммед Қонаев Шәмшінің "Бақыт құшағында" әнін қай елде естіп қалып, көзіне еріксіз жас алған?

Дұрыс! Қате!

Дінмұхамед Қонаев Үндістан астанасы Делидегі Индира Гандидің ән-би галереясынан Шәмші Қалдаяқовтың "Бақыт құшағында" әнін естіп, көзіне жас үйірілген. Ол мұны өз естелігінде жазып кеткен.

Шәмші: "Мен талай әдемі әйелге ғашық болдым. Тез тұтанып, тез сөнген кездерім көп. Бірақ оған деген сезімім, міне, 27 жылдан бері сол қызуын сөндірмей, жанымды жылылыққа, сағынышқа бөлеп келеді", - деп қай ару туралы айтқан?

Дұрыс! Қате!

"Мен талай әдемі әйелге ғашық болдым. Тез тұтанып, тез сөнген кездерім көп. Бірақ оған деген сезімім, міне, 27 жылдан бері сол қызуын сөндірмей, жанымды жылылыққа, сағынышқа бөлеп келеді. 27 жылдан бері біздің байланысымыз бір сәтке де үзілген емес. Менің мына дімкәс жүрегіме қуат беріп, демеп келе жатқан да сол Сағыныштың сағынышы шығар. Иә, оның есімі Сағыныш еді", - деп айтқан екен композитор.

"Дүнген қызы" әні қай аруға арналған?

Дұрыс! Қате!

Шәмші Қалдаяқов Жамбыл облысындағы дүнгендер ауылында 17-18 жылдай тұрады. "Дүнген қызы" әні сол ауылда кездестіріп, ұнатқан қызға арналған. Есімі Шәрипа болған екен.

Шәмші Қалдаяқовтың тұңғыш әні

Дұрыс! Қате!

Шәмші Қалдаяқовтың тұңғыш әні "Ақ келес" деп аталады. Оны композитор Келес өзенінің бойындағы Қапланбек зоотехника-малдәрігерлік техникумында оқып жүргенде шығарыпты.

1986 жылы "Желтоқсан көтерілісі" кезінде алаңға жиналған жастар Шәмшінің қай әнін орындады?

Дұрыс! Қате!

"Желтоқсан көтерілісі" кезінде алаңға жиналған жастар Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әнін орындаған болатын.

Ақмола Целиноград аталып тұрғанда, бір өлкеге айналған 5 облыс Ресейге беріледі деген әңгіме шыққанда, қазақ жерінің асқақтығын жырлайтын Шәмші әні қалай аталады?

Дұрыс! Қате!

Дұрыс жауабы "Менің Қазақстаным" әні

Шәмшінің ғұмыры туралы түсірілген деректі фильмді көрсетіңіз

Дұрыс! Қате!

1991 жылы режиссер Тілеген Ахметов Шәмші Қалдаяқовтың ғұмырнамасы жайлы "Жылдарым менің, жылдарым" атты деректі фильм түсірген. Бірақ композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқовтың айтуынша, телесериал Шәмшінің отбасы мен туыстарының, көзін көрген жолдастарының көңілінен шықпапты. Себебі шындыққа жанаспайтын тұстары өте көп болған. Әсіресе Шәмшінің әйелін сомдаған бас кейіпкердің "Онда музыкаңа үйлен" деген сөзі композитордың жары Жәмилә Қалдаяқованың шамына тиген.

Шәмші айтты деген мына сөзді аяқтаңыз: "Мен өз өмірімде қанша ән жазсам, сонша ..."

Дұрыс! Қате!

Шәмші Қалдаяқов: "Мен өз өмірімде қанша ән жазсам, сонша жылаған да болуым керек"

"Мен қазақтың ұлы композиторымен танысқаныма қуаныштымын. 300-ге жуық ән шығару деген - ұлы ерлік! Сізге ескерткіш орнату керек" деп айтқан кім?

Дұрыс! Қате!

Бұл сөзді ағылшын өнер қайраткері Роберт Файлер айтқан.

Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына негізделген "Ән-аға" телесериалында Шәмшінің ролін кім сомдады?

Дұрыс! Қате!

"Ән-аға" телесериалында Шәмшінің ролін актер Дәурен Серғазин сомдады.

Шәмші туралы мағлұмат
Танығың келсе Шәмшіні, әнінде жатыр бар сыры.
Жарайсыз, Шәмшінің тағдыры мен шығармашылығынан хабардар екенсіз.
Тамаша. Шәмшінің ғұмыры мен шығармашылығына қызығып, әнін сүйіп тыңдайтыныңыз көрініп тұр.

Әлеуметтік желіде бөлісу: