Кездесу барысында қоғамдық кеңес мүшелері мен қоғам қайраткерлеріне ведомствоның қазіргі жұмысы және ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының іске асырылуы туралы хабардар етілді.
Сонымен қатар «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы филиалының директоры Б.Е. Мақұлбаев аталмыш қоғамдық бірлестіктің қызметі, оның негізгі бағыттары мен аз ғана уақыт ішінде қол жеткізген нәтижелері туралы таныстырды.
Отырыста қоғамдық кеңестің жанынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын жеке комитет құру туралы шешім қабылданды.
Кездесу қатысушыларын қарсы ала отырып, департамент басшысы Асхат Оразхан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен азаматтық сектордың сындарлы өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.
Біздің бірлескен ынтымақтастығымыз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың санын азайтуға көмектеседі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда оң нәтиже береді деп үміттенеміз. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын заңсыз іс — әрекеттерін анықтау мақсатында нақты жұмыс құрып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуде, мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізіп жатыр, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен өткізуде бірлескен күш салу қажет, — деді Асхат Оразхан.
Қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Алтынай Көбееваның айтуынша, кеңестің қоғамдық бақылау саласындағы міндеттерінің бірі халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне тарту.
Қоғамдық кеңес жанындағы осы комитеттің құрамына белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдардың кіруі өте маңызды, қойылған мақсаттар үшін барлық сараптамалық әлеуетті тарту қажет, — деді Алтынай Көбеева.
Іс-шара соңында қатысушылар комитеттің құрамы мен алдағы іс-шаралар жоспарын талқылады.