Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлады.
20 маусымда сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін Медеу және Алмалы ауданы аумағындағы Қазыбек би – Қонаев – Төле би – Панфилов – Бөгенбай батыр – Назарбаев – Қабанбай батыр – Пушкин – Абдуллиндер көшелерінің контурындағы тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттар ыстық судан ажыратылады, — делінген хабарламада.
Қайта құру кезеңінде тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында уақытша құбыр желісін кесу үшін шектеулер енгізіледі.