Басты бетЖаңалықтарЖаңа облыстардағы...

Жаңа облыстардағы әкімшілік ғимараттарға қанша қаражат бөлінеді?

Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдар облыс орталықтарындағы жөндеу жұмыстарына, әкімшілік ғимараттарды алуға қатысты бюджет қаражатының тиісті көлемін айқындады. Алдын ала есептеулер бойынша осы бағытта қажет қаражат сомасы 12 миллиард теңге шамасында болды. Бюджет қаражатын бөлу мәселесі заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады, — деді Әлібек Қуантыров.

Оның айтуынша, министрлік жаңадан құрылған облыстарда инфрақұрылым нысандарына, жылжымайтын мүлік қоры, әкімшілік ғимараттарға жөндеу жүргізу тұрғысында талдау жүргізді.

Жалпы, жаңа облыс орталықтарында мемлекеттік органдар мен қызметкерлердің жұмысына қажет әкімшілік ғимараттар жеткілікті, — деді министр.