Басты бетЖаңалықтарБұрынғы денсаулық...

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов ректор болды

Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен С.Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті КЕАҚ басқармасына жаңа ректор тағайындалды. ҚазҰМУ-ды бұдан былай Марат Едігеұлы Шоранов басқарады. Бұйрық 2022 жылдың 13 маусымында жарияланды, — делінген хабарламада.

Марат Шоранов 1975 жылы Алматыда дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығын, Эмори университетін бітірген.

2013-2017 жылдары ҚР денсаулық сақтау министрлігінде, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2017-2019 жылдары — Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы;

2019 жылы — Нұр-Сұлтанның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы;

2020 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметін атқарды.