Басты бетЖаңалықтарЖетісу облысына...

Жетісу облысына әкім болып Бейбіт Исабаев тағайындалды

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, оның Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттық өкілеті тоқтатылсын, — делінген хабарламада.

Үкімет басшысы депутаттарға ҚР президентінің Жетісу облысының әкімі лауазымына Бейбіт Исабаев пен Бағдат Қарасаевтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді.

Ашық дауыс беруге 141 депутат қатысты. 106 депутат Бейбіт Исабаевтың кандидатурасына, 35 депутат Бағдат Қарасаевқа дауыс берді.

Бейбіт Исабаев бұған дейін ҚР парламент сенатының депутаты болған.