Басты бетЖаңалықтарНұрлан Ұранхаев...

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, — делінген жарлықта.

Семейде президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Абай облысының барлық деңгейдегі мәслихаттарының жиналысына қатысты.

Ол депутаттарға Абай облысының әкімі лауазымына үміткерлер — Нұрлан Уранхаев пен Асхат Смаиловты қарастыру жөніндегі мемлекет басшысының хатын оқып берді.

Ашық дауыс беру нәтижесінде 25 депутат Асхат Смаловты қолдады, 89 депутат Нұрлан Уранхаевқа дауыс берген.