Қазақстанның әскери доктринасына бірқатар өзгерістер енгізіледі

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы президентінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 554 жарлығына өзгеріс енгізу туралы» президент жарлығының жобасын әзірледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, негізгі құжатты жаңа болмысқа бейімдеуге бағытталған қолданыстағы әскери доктринаны қайта қарауды жүзеге асыра бастады. Құжатқа өзгерістер енгізуді осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр, — делінген ведомство хабарламасында.

Жарлық жобасының толық мәтіні ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланған.