Қорғаныс министрлігі маңғыстаулық сарбаздың өлімі туралы айтты

Қорғаныс министрлігі өкілдері маңғыстаулық сарбаздың өлімінің егжей-тегжейін айтты.

Өкінішке қарай, Гвардейский қалалық типтегі әскери ауруханада әскер қатарына жаңадан шақырылған қатардағы жауынгер Әлібек Қалыбай қайтыс болды. Жеке құрамның сапқа тұруы кезінде өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медицина қызметкерінің жасаған амалдарына қарамастан, жас сарбаздың өміріне араша түсу мүмкін болмады. Біз ұлдарын келмеске жоғалтқан туған-туысқандары мен жақындарының, соның ішінде, ата-анасын түсінеміз және қайғыра көңіл айтамыз. Сонымен қатар қатардағы жауынгер Қалбаев қаза болуына себепкер болған мән-жағдайларды қоғам білуі қажет, — деді қарулы күштер бас штабы бастығының орынбасары — тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Серік Борамбаев.

Оның сөзінше, арнайы құрылған жедел тергеу тобымен қылмыстық істің аумағында болжамды барлық болған жағдай толығымен қарастырылады. Қажет сараптама алынды.

Оқиға орнын қарау барысында құқық қорғау органдарының ресми қорытындылары бойынша, сонымен бірге мәйітке сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Қаза болғанға дейін жарақаттар мен денесінде көгеру белгілері анықталмағанын айта кеткен жөн. Қазіргі уақытта да тері қабаттарының өзгерісі сот-медициналық сараптаманы жүргізумен және қаза болудың биологиялық процесімен байланысты, — дейді Серік Борамбаев.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз