Басты бетЖаңалықтарМарат Шоранов...

Марат Шоранов денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды

Үкімет қаулысымен Марат Шоранов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.

Марат Шоранов 1975 жылы Алматыда дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығын, Эмори университетін бітірген.

2013-2017 жылдары ҚР денсаулық сақтау министрлігінде, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2017-2019 жылдары — Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы;

2019 жылы — Нұр-Сұлтанның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы;

2020 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметін атқарды.