Ұлттық банк теңге бағамына қатысты жағдай тұрақтанғанын жариялады

Биыл ақпаннан бастап теңге бағамының құбылмалылығы геосаясаттан туындаған тәуекелдер және жаһандық нарықтардағы жоғары құбылмалылықпен байланысты. Сондықтан теңгенің еркін өзгермелі режимінде әрекет етпей тұруы мүмкін емес еді. Теңгенің еркін құбылмалы айырбас бағамы, біздің ойымызша, экономика мен нарыққа сыртқы жағдайларға тез бейімделуге мүмкіндік береді. Мамырдан бастап жағдай тұрақталды. Бұл сыртқы нарықтағы жағдайдың тұрақтануымен байланысты, — деді Әлия Молдабекова ұлттық банкте өткен брифинг барысында.

Вице-президенттің айтуынша, тұрақтандыру экспорттаушылардан ұлттық валютаның ұсынысы артып, валюта нарығындағы теңгерімге қол жеткізілген.