Алматыда сауда орталығынан өрт шықты

Әлеуметтік желіде Life town сауда орталығына жапсарлас орналасқан бургер және дөнер дайындайтын дүңгіршектен өрт шыққаны туралы хабар тарады. Жалын сауда орталығын шарпыған.

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 6 мамыр күні таңғы 5:45 шамасында шыққан.

Дөнер сататын дүңгіршектен шыққан өрт сауда орталығының екінші қабатына ұласқан. Қызыл жалын 150 шаршы метр жерді шарпыды. Алғашқы бөлімшелер шақыру орнына сағат 05:50-де (5 минутта) келді. Өрт 06:16-да ауыздықталып, 06:30-да толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, — делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге 13 бірлік техника мен жеке құрамнан 50 адам жұмылдырылды.