Қазақстанда Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру ұсынылды

Проблемаларды шешу мақсатында «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң жобасы әзірленіп, тиісті ұсыныстар жасалды. Осы орайда бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонындағы жұмыстардың орындалуына жауапты ұйымды тағайындау, кешенді экологиялық тексеру және мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижелері бойынша нормативтен тыс радиациялық ластанған аумақтардың және шартты таза жерлердің шекаралары мен ауданын айқындау ескерілген, — деді Болат Ақшолақов мәжілістің жалпы отырысында.

Заң жобасында нормативтен артық радиоактивті ластануға ұшыраған аумақтарда арнайы құқықтық режимі бар Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оларды уәкілетті ұйымға пайдалануға беру көзделеді.

Сонымен қатар, бұрынғы полигонның ластанған учаскелерін оңалту, аймақ аумағында радиациялық жағдайға мониторинг жүргізу, бұрынғы полигонның шартты таза жерлерін шаруашылық айналымға беруді қарастырған.