Президент саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті

Бұл туралы БОРТ №1 Telegram арнасы хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Президент ескерткішке гүл шоғын қойып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық кезінде құрбан болғандардың рухына тағзым етті.

Фото: БОРТ №1 Telegram арнасы

Осы іс-шараға нәубет жылдары зардап шеккен отандастарымыздың жақындары мен туыстары қатысты.

Айта кетейік, президент Хазірет Сұлтан мешітіне барып, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап құран оқытты.