Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Жанат Ахметов мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысы болды

Фото: Рrimeminister.kz

Бұл туралы  Рrimeminister.kz хабарлады.

Жанат Ахметов 1986 жылы Омбыда (Ресей Федерациясы) дүниеге келген.

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету басқармасы сарапшысының м.а. болып бастады.

2008-2012 жылдары ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымында сарапшы, бас сарапшы болып жұмыс істеді.

2012-2013 жылдары — ҚР экономикалық даму және сауда министрлігінің заң департаментінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы;

2013-2016 жылдары — ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (2014 жылдан бастап ұлттық экономика министрлігінің) заң департаментінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы;

2016-2019 жылдары — ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігінің заң департаменті директорының орынбасары;

2019 жылғы сәуірден бастап қазірге дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің заң департаментінің директоры қызметін атқарды.

Мақалаға реакция