Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қауіпсіздік кеңесі әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі ауысты

Фото: Akorda.kz

Тиісті құжатқа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Мемлекет басшысының өкімімен Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, — делінген құжатта.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Қайыргелді Есенеев лауазымынан босатылды. Оны Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылғы ақпанда тағайындаған еді.